Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Маңғыстау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында әлеуметтік жобалар мен бастамалар байқауын жариялады.

Байқау мақсаты: ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы ауыл тұрғындарын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге және өз ауылдарын көркейтуге белсене атсалысуға ынталандыру.

Байқауға қатысу бойынша жобалар/бастамалар келесідей бағытта болуы қажет:

  • Жергілікті қоғамдастықтың мәдени дамуына жағдай жасау (мысалы: кітапхана, ақпараттық орталық, үйірмелер, мәдениет үйі жанындағы секциялар және т.б. жұмысын ұйымдастыру немесе жандандыру бойынша жағдай жасау);
  • Балалар мен жастардың бос уақытын өткізуге арналған шаралар ұйымдастыру;
  • Сапалы қызметтер көрсету бойынша жағдай жасау (ауланы аббатандыру, ауыз су, суару суы, қоқыс мәселесі және т.б.);
  • Саламатты өмір салтын сақтау, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша жағдай жасау;
  • Еріктілер қозғалысын дамытуға ықпал ету;
  • Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
  • Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, көгалдандыру және туризмді дамыту бойынша акциялар ұйымдастыру және т.б.

Байқаудың жалпы сыйлық қоры – 3 000 000 теңге.

Қаржыландыратын жобалар саны – 10 жоба  300 000 теңгеден

Өтінімдер 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін қабылданады. Байқауға қатысы бар қосымша материалдар Ms Word форматында төмендегідей үлгіде рәсімделіп, хат тақырыбын «Маңғыстау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» деп атап, gamo_aktau@mail.ru camokz.05@gmail.com электронды поштаға жіберуіңізге болады немесе Ақтау қ., 34 шағын ауданы, «Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимараты 2 қабат, 35 офиске тапсыруға болады.

Қосымша ақпарат алу мақсатында 8 (702) 517 66 05 телефоны арқылы Ахметова Жібекке хабарласуға болады.

Байқау жайында толық ақпаратпен төмендегі байқау ережесін және нұсқаулықты жүктеп, танысып шығуға болады.

ЦПГИ_Положение_каз

өтінім формасы