2018 жылдың 13 қарашасы Ақтау қаласында «МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ-ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ МЕХАНИЗМІ» тақырыбына сұхбат алаңы өтті.


Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «Маңғыстау облысының қоғамдастық мүшелерінің, жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттестігін күшейту» жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында, ЖӨӨБ енгізудің экономикалық, технологиялық және әкімшілік тиімділігін арттыру мақсатында Маңғыстау облысының ауыл әкімдері, жергілікті қауымдастық мүшелері және кәсіпкерлерінен құралған делегация Қызылорда облысына тәжірибе алмасуға барған болатын. Ол жерде делегация жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу және дамыту және кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, жергілікті мәселелерді шешу және ауыл өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған ең үздік тәжірибелер мен бастамаларды анықтау мақсатында «Ең үздік ауылдық бастама» байқауы өтті.


Сұхбат алаңында жоба аясында өткізілген іс-шаралар нәтижесі талқыланып, делегация мүшелері өз ойымен бөлісті, сонымен қатар, ЖӨӨБ енгізу барысында туындайтын мәселелер талқыланып, ЖӨӨБ өңірімізде тиімді дамытып, енгізу бойынша ұсыныстар жасақталды.
Іс-шара барысында «Ең үздік ауылдық бастама» байқауының және «Ауылды бірлесе дамыту!» жобасы аясындағы «Бизнес идея» байқау жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табысталды.