Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының 2018ж. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша жүзеге асырылатын «Облыстық ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында облыс деңгейінде тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің қартасына проблемаларды шешуге бағытталған деректер базасын құру үшін жергілікті тұрғындар арасында, жобаға қатысты іс-шараларды өткізу барысында сауалнама жүргізілді. Сауалнама Маңғыстау облысының Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандары және Жаңаөзен қаласында өткізілді. Сауалнамаға әр түрлі салада жұмыс жасайтын мамандар, жастар, жұмыссыздар, барлығы 150 адам қатысты. Аудан бойынша келесі өзекті әлеуметтік мәселелер анықталып, талқыланып ұсыныстар берілді.
Анықталған мәселелермен оларды шешу жолдарымен толығырақ танысу үшін Әлеуметтік мәселелер картасын жүктеу.