2019 жылдың 2 тамыз күні әлеуметтік жобалар байқауы бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтіп, ең үздік жобалар анықталды. Іріктеу комиссиясының құрамы: ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік орган, қоғамдық пікір көшбасшылары, БАҚ өкілінен құрылды. Байқауға 53 өтінім келіп түсті, соның ішінде іріктеу комиссиясының шешімі бойынша барлығы 10 жоба қаржылық қолдауға ие болды:

  1. Таушық жастары – «SPORT-BUL DENSАÝLYQ TАÝShYQ STREET WORKOUT алаңы» жобасы (Түпқараған ауданы, Таушық ауылы)
  2. «Ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру» ҚҚ – «Ауыл әйелдеріне қолдау көрсету орталығы» жобасы (Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы)
  3. «Маңғыстау аудандық азаматтық бастамашылығы» ҚБ – «Сулы қапы туристер үшін» жобасы (Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы)
  4. «Қанағат жеке қайырымдылық қор» – «Ерекше жандарға – жаңа мүмкіндік» жобасы (Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы)
  5. «Жайдарлы» ЖММ – «Компьютерлік сауаттылық» ( Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы)
  6. “Түпқараған аудандық Азаматтық бастамасы” ҚБ – «Бүлдіршіндер – біздің болашағымыз» жобасы (Түпқараған ауданы, Баутин ауылы)
  7. «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ – «Білімнің шыңы,зағиптың күні!» жобасы (Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы)
  8. «Сыңғырлау жастары» – «Жарық ауыл» жобасы (Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылы)
  9. «Біз біргеміз!» – “Мүгедек балаларға эколагерь” жобасы (Қарақия ауданы, Құрық ауылы)
  10. “Мәңгілік ел – Маңғыстау” ЖҚҚ – «Тоғыз құмалақ ұлттық ойынын жастар арасында дәріптеу» жобасы (Қарақия ауданы, Жетібай ауылы)

Жеңімпаздар алдағы 3 ай уақытында өз жобаларын жүзеге асыратын болады.

Жеңімпаздарды құттыптап, сәттілік тілейміз!

Аталған байқау ҚР ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕАҚ гранты бойынша «Маңғыстау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында өткізілді.