2020 жылдың 14 шілде күні әлеуметтік жобалар байқауы бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтіп, ең үздік жобалар анықталды. Іріктеу комиссиясының құрамы: ҮЕҰ өкілдері, БАҚ өкілінен құрылды. Байқауға 30 өтінім келіп түсті, соның ішінде іріктеу комиссиясының шешімі бойынша барлығы 10 жоба қаржылық қолдауға ие болды:
1. «Өркениет» ҚБ – «Мұнайлы ауданы жастар арасында ұлттық спорт фестивалін өткізу» жобасы (Мұнайлы ауданы)
2. «Қанағат» жеке қайырымдылық қор – «Киім пішу және тігу курсын ұйымдастыру» жобасы (Қарақия ауданы, Жетібай ауылы)
3. «Ақбөбек» ЖҚ – «Салауатты өмір салтын ұстану» жобасы (Түпқараған ауданы, С. Шапағатов ауылы)
4. Басқұдық ауылының бастамашыл тобы Исентемирова Айгерим – «Жылы құшақ» жобасы (Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы)
5. Сыңғырлау ауылының бастамашыл тобы Омаров Адилбек – «Балалар ойын алаңы» жобасы (Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылы)
6. Таушық жастары бастамашыл тобы Ізбенов Шапағат – «Табиғат аясына Саяхат» жобасы (Түпқараған ауданы, Таушық ауылы)
7. «Жайдарлы» ЖММ – «Саябақты тамшылата суару» жобасы ( Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы)
8. Рахат ауылының бастамашыл тобы Утенов Бердибай – «Балаларға базарлық» жобасы (Жаңаөзен қаласы Рахат 3 ауылы)
9. «Мәңгілік ел Маңғыстау» ЖҚ – «28 ілмек» жобасы (Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы)
10. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мұнайлы» корпоративтік қоры – «Зағиптың қауіпсіз қозғалысы» жобасы (Мұнайлы ауданы)
Жеңімпаздар алдағы 3 ай уақытында өз жобаларын жүзеге асыратын болады.
Жеңімпаздарды құттыптап, сәттілік тілейміз!
Аталған байқау ҚР ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕАҚ гранты бойынша «Маңғыстау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында өткізілді.