Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы жергілікті деңгейде шешім қабылдау процессіне қатысу жөніндегі нұсқаулықты ұсынады. Аталған нұсқаулық азаматтардың шешім қабылдау процессіне қатысу механизмдері жөніндегі ақпаратты нақты мысалдармен қамтиды. Нұсқаулық кең ауқымды аудиторияға арналған яғни: жергілікті қоғамдастық мүшелеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттарға, оқытушыларға және жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтарына қызығушылық танытқан азаматтарға арналған.

Нұсқаулық Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жобасы аясында жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтарымен айналысатын сарапшылармен дайындалды.

Нұсқаулықты төмендегі сілтеме арқылы жүктеуге болады
НҰСҚАУЛЫҚТЫ ЖҮКТЕУ