Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының ауылдық жерлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін шағын гранттарға байқау жарияланады.

8 өңірге бөлінетін грант соммасы 8 000 000 теңгені, 1 өңірге 1 000 000 теңгені құрайды. Байқау аясында жеңімпаздар анықталып, әр қайсысы 100 000 (жүз мың) теңгеден 500 000 (бесжүзмың) теңге көлемінде шағын гранттар алады.

  • Грантқа өтініш беру мерзімі: 13 мамыр – 01 маусым 2021ж. (Нұр-Сұлтан қ., уақытымен 18.00 дейін)
  • Байқау комиссиясының өтініштерді қарау мерзімі: 02 маусым – 10 маусым 2021ж.
  • Жеңімпаздарды анықтау: 11 маусым 2021ж.
  • Жобаны жүзеге асыру мерзімі: келісім шартқа қол қойғаннан бастап 31 қазан 2021ж. дейін

    Байқауға қатысу өтінімдерін camokz.05@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет. Тақырыбын Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша әлеуметтік жобалар байқауы деп көрсету қажет.Байқау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қолдауымен жүзеге асырылатын «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жобасы аясында өткізіледі.

    Байқау шарттарымен толығырақ байқау ережесінде танысуға болады
    Үкіметтік емес ұйымдарға арналған өтінім формасы
    Бастамашыл топтарға арналған өтінім формасы