2018 жылдың 14 желтоқсан күні Азаматтық альянсы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг тобының мүшелерімен Түпқараған ауданының М. Әбдіхалықов ат. орта білім беру мектебі, Ақшұқыр мектеп-лицей мектебі және Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында мектептердің санитарлық жағдайы, оқушылардың тамақтану жағжайы, қамқоршылық кеңесінің қызметі сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес мектептердің жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкестігіне мониторинг жүргізілді. Шара барысында мектептердің асханаларында тыйым салынған тағамдар,

тәтті сусындар, шоколадтар, шұжық қосылған тағамдар сатылатыны, спорттық жабдықтарының жеткіліксіздігі, сонымен қатар химия пәнінің лабораториясына көбінесе реактивтер жетісбейтіні анықталды.
#мониторинг #мектептер #Түпқараған #ГАМО #Ақшұқыр