Ағымдағы жылдың 18-19 маусымында Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы тренерлерге арналған «Мемлекеттік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру бойынша ҮЕҰ әлеуетін арттыру» тақырыбына тренинг өткізді. Тренингке ауылдық үкіметтік емес ұйымдарының ресурс орталығының басшылары және өз ісін енді бастаған ҮЕҰ өкілдері қатысты. Оқыту барысында қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобаларды сапалы жүзеге асыру, ҮЕҰ Дерекқорына есеп тапсыру, сонымен қатар, мемлекеттік гранттар және премиялар, қоғамдық кеңес жұмысы және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған «Атамекен» бағдарламасы және басқа да ҮЕҰ арналған мүмкіндіктер жайлы өз білімдерін жетілдірді.
Сонымен қатар, тренинг барысында қатысушылар келесідей мәселелерді көтерді: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапалы жүзеге асырылуына демпингтің теріс әсері, аудандық ішкі саясат бөлімдері қажетті деңгейде ҮЕҰ-на қолдау көрсетпейді, МӘТ аясындағы ұсынылған жобаларды іріктеу критерийлері іс жүзінде МӘТ сапалы жүзеге асырылуына әсері төмен.
Аталған іс-шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕАҚ гранты бойынша жүзеге асырылатын «Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарына «бір терезе» принципі бойынша қолдау көрсету мақсатында азаматтық орталық құру және дамыту» жобасы аясында өткізілді.