Қазақстанда осы жылдың жазында кең ауқымды әлеуметтік зерттеу өтті. Зерттеудің мақсаты – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерттеу. Халықпен сауалнама жүргізу еліміздің барлық өңірлерін, сондай-ақ республикалық маңызы бар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. Сұхбаткерлер жауап берген сұрақтардың бірі: «Сіз Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының («Рухани жаңғыру» бағдарламасына бастамашы болған) мазмұнымен таныссыз ба?». Бұл мақаланы оқу «Рухани жаңғыру» бағдарламасын білуіне кепілдік береді деп болжамдалды.

Зерттеу нәтижелерінен барлық өңірлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жақсы біле бермейтінін көреміз. Сондай-ақ, өңірлер арасында бағдарлама туралы хабардарлықта үлкен вариация бар.

Мысалы, Ақмола облысы мақала мазмұнын білудің өте жоғары деңгейімен сипатталады (сұхбаткерлердің 55,6%-ы осы мақаланы тікелей оқыған – бұл ел бойынша орташа көрсеткішті екі есе артырады). Ең жоғары көрсеткіштері бар облыстардың қалған бестігі мынадай: Қызылорда (49,5%), Түркістан (45,8%), Батыс Қазақстан (43%), Шығыс Қазақстан (30,5%). Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары арасындағы үлкен алшақтық көзге түседі, бірақ олар сауалнама нәтижелерін бағалау кестесінде бірінен кейін бірі тұр.

Зерттеу қорытындысы бірмағыналы – «Рухани жаңғыру» танымалдығы өңірлер мен түрлі әлеуметтік-демографиялық топтар арасында біркелкі емес. Бұл факт жауапты органдарға жалпыреспубликалық біріктіруге бағытталған осындай ауқымды бағдарламаны іске асыру кезінде оған назар аударуды ұсынуға негіз береді.

Зерттеуге 2500-ден астам қазақстандық қатысты.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық баяндамамен https://cisc.kz сайтында, «Ресурстар» бөлімінде немесе https://cisc.kz/ru/materials/1287 сілтемесі арқылы танысуға болады.