Коммерциялық емес ұйым
Некоммерческая организация

ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған, коммерциялық емес ұйымның (КЕҰ) қызмет ету мақсатына сай құрылтайшылармен қарастырылған бір немесе бірнеше қызмет түрімен айланысуға болады.

 

Жекелеген ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы қызмет етуге құқылы КЕҰ-дың кейбір қызмет түрлеріне ҚР заңнамалық актілерімен шектеулер қойылуы мүмкін.

 

 

Сонымен қатар, КЕҰ-дың жекелеген қызметтері заңдылық актілерге сәйкес тек лицензия негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі тек «КЕҰ туралы» заңымен емес, сонымен қатар, салық, мемлекеттік сатып алу, әлеуметтік қызметтерді көрсетуді реттейтін заңнамаларымен және азаматтық қатысудың құқықтық негіздері мен де реттеледі.

Сайтымыздың бұл бөлімінде сіздер үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты нормативті-құқықтық құжаттармен таныса аласыздар.

КЕҰ тіркелу формасы

Мекеме; Қоғамдық Қор;
Жекеменшік мекеме; Мемлекеттік мекеме;
Қоғамдық бірлестік; Тұтынушылар кооперативі;
Қор; Діни бірлестіктер;
Жекеменшік қор; Корпоративтік қор;
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы; Жекеменшік кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастық формасында (одақ).

ҮЕҰ дерекқоры: әлеуметтік маңызы бар қызметтердің ашықтығы

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сейкес (мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, және өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар), үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (ҚР Дін істері және Азаматтық қоғам Министрлігінің Дін істері комитетіне) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

Келесі сұрақ

Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.

Келесі сұрақ

ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не?

ҮЕҰ Дерекқоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

Келесі сұрақ

ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәліметтер беру керек?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға тапсырады.

Келесі сұрақ

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді жыл сайын жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін  беру қажет.

Келесі сұрақ

Коммерциялық емес ұйымдар іс-шараларының табысты болуының ерекшеліктері

Іс-шаралардың негізгі мақсаты қойылып, параметрлері анықталған соң, оларды жүзеге асыру бойынша жұмысқа кірісуге болады. Төменде коммерциялық емес ұйымдарға арналған есте қаларлықтай етіп іс-шараларды өткізу бойынша бірнеше ұсыныстар берілген

Дизайн
Түс үйлесімі
Атауы
Атмосфера
Кураторлар
тренерлер
Байланыс
Жариялау
Тарату
Қайталанбайтын және танылатын логотип жасақтаңыз. Логотипіңіз жақсы көрінетініне көз жеткізіңіз. Ең бастысы – шектен тыс кетпеңіз, логотипті барлық жерге қоя берудің қажеті жоқ! Мысалы, әлеуметтік желідегі парақшаларға, немесе кіріс және шығыс құжаттарға, іс-шараға дейін немесе соңында қойған абзал.
Іс-шара түс үйлесімін мекеменің негізгі миссиясымен немесе мекеменің өзіне ұқсас етіп таңдау керек.
Іс-шараға есте қаларлықтай және жыл сайын оны қолдануға болатындай етіп ат қою керек. Іс-шара атауы мекеменің атымен үйлесімді болуы қажет. Бұрын бұл атауды ешкім қолданбады ма, ешкім ресми түрде тіркемеген ба соны нақты біліп алу қажет.
Іс-шара идеясын туралай жеткізетін атмосфера жасау қажет және бұл мақсатта визуалды әсер, көңіл көтеретін элементтер және т.б. қосу қажет.
Куратор немесе тренер ретінде сыйлы және танымал адамдарды шақырған дұрыс және бұл адамдардың мүмкіндіктерін максималды қолдану керек.
Куратор немесе тренердің орнатылған байланысын іс-шараңыздың қонағы ретінде құрметті немесе белгілі тұлғаларды шақыруға қолдануға болады. Мұндай тұлғалардың қатысу мүмкіндігі болмаса да, олардың қолдауын алу іс-шараның нәтижелі өтуіне үлес қосады.
Іс-шараға адамдар қатысқысы келетіндей етіп қызықты және ерекше өткізуге қажет. Бұл арада ғаламторда және баспасөздегі жарияланымдар көмекке келеді.
Қатысушылар үшін іс-шара атауы жеңіл болуы қажет. Болатын іс-шара жайында толық ақпарат коммерциялық емес ұйымның сайты арқылы кеңінен таратылуы қажет.

Окончание мероприятия еще не означает завершение всей работы над ним. Наступает период закрепления возникших связей. Постарайтесь максимально длительный срок осуществлять публикации заметок и фотографий в любой прессе и социальных сетях. Стимулируйте у людей незатухающий интерес к организации. Сделайте так, чтобы и посетители, и кураторы захотели принять участие в подобном событии и в следующем году.


Ничто не приносит такого морального удовлетворения, как успешно проведенное мероприятие, принесшее пользу некоммерческой организации.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу тәртібі
  • 1 қадам.

    КЕҰ құру туралы шешім қабылдау

    Ол үшін қажет:

    1) Сіздің тіркеуге жатқызғыңыз келіп отырған КЕҰ-ның ұйымдық-құқықтық нұсқасы бойынша заңмен қарастырылған азаматтар/ заңды тұлғалардың кем дегенде ең аз санын жинап алған жөн:

    ·         Қоғамдық бірлестік үшін – ҚР азаматтығы бар 10-нан кем емес азамат-бастамашылары;

    ·         Ассоциация нұсқасындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін – ең кемі 2 заңды тұлға/жеке кәсіпкер немесе 1 заңды тұлға мен 1 жеке кәсіпкер;

    ·         Қор үшін –бір жеке тұлға немесе заңды тұлға;

    2) құрылтай жиналысын өткізу немесе жеке өзінің шешімін қабылдау (құрылтайшы жалғыз болса)

    3) КЕҰ құру туралы шешімді хаттамамен бекіту

  • 2 қадам.

    Құжаттар пакетін дайындау

    Мекемені құру туралы шешімді қабылдаған соң, тіркеу мемлекеттік баж салығын төлеп, әділет органдарында тіркеу үшін құжаттар пакетін дайындау қажет.

  • 3 қадам.

    КЕҰ тіркеу төлемдері

    КЕҰ тіркеу мемлекеттік төлемдерін кез келген екінші деңгейлі банктерге төлеуге болады.

    Алайда, тәжірибе жүзінде мұндай төлемдер КЕҰ тіркеу бойынша арыз және басқа да құжаттарды тапсыратын халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) орналасқан банктердің есеп-айырысу кассаларына төленеді. ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаған соң, тексеріп тіркеу алымдарын төлеу үшін, төлем мақсаты көрсетілген (КНП), төлемдерді алушылардың деректемелері және төлем сомасы көрсетілген түбіртек беріледі. КЕҰ басшысы (басқа құзыретті тұлға) кассаға осы түбіртекті және өзінің жеке төлқұжатын көрсету керек. Төлемдер мөлшерлемесі «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Салық кодексінің 456 бабында көрсетілген.

  • 4 қадам.

    Әділет органдарында ХҚКО арқылы КЕҰ тіркеу процедурасы

    Қазіргі таңда заңды тұлғаларды, олардың бөлімшелері мен өкілеттіктерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету жөніндегі Комитет және Халыққа қызмет қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы аймақтық әділет органдары жүзеге асырады. КЕҰ-ны тіркеуге құжаттарды КЕҰ-ның тұрақты әрекет ететін органы орналасқан ауданының ТҚО-сына тапсыру қажет.

  • 5 қадам.

    Ұйымның мөрін жасау

  • 6 қадам.

    Қолдардың үлгілері мен мөрдің баспа-таңбасы бар құжаттарды ресімдеу тәртібі

  • 7 қадам.

    Банкте есеп-шот ашу