Ағымдағы жылдың 30 қараша күні жастардың және жас мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру мақсатында «Отанға қызмет ету – парыз» атты форумы өткізілді.
Форум аясында «Жастар жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында 13 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген театрландырылған көріністер және «Yessenov University»-нің кафедра аралық «Жастар жемқорлыққа қарсы!» жобалар байқаулары өткізілді.

Бүгінгі шара барысында жеңімпаз колледж командалары өздерінің театрландырылған көріністерін, ал «Yessenov University»-нің «Құқықтану» кафедрасының жеңімпаз командасы «Stop жемқорлық» жобасымен таныстырды.
Театрландырылған көріністер байқауының қорытындысы:
І орын – Каспий өңірі «Болашақ» колледжі
ІІ орын – Маңғыстау туризм колледжі
ІІІ орын – Маңғыстау көпсалалы «Келешек» колледжі
«Әртістік шеберлік» номинациясы – Маңғыстау өнер колледжі
«Үздік талпыныс» номинациясы – «Мейрбике» колледжі
Жеңімпаз командалар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру маңызды мәселе болып қала бермек. Бүгінде еліміз бойынша «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Парасыз болашаққа бірге», атты бірнеше тақырыпта әр түрлі шаралар өткізіліп келеді. Мұндай шараларға маңғыстаулық жастардың да белсенді қатысып келе жатқандығы қуантады» деді форумда алғашқы болып сөз алған “Маңғыстау облысы Азаматтық Альянсы” ЗТБ президенті Жібек Ахметова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру әрбір азаматтың парызы екендігін еске салды.

Сонымен қаттар, форум спикерлері ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің МО бойынша департамент басшысының орынбасары Бәйгебаев Қайрат, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұяқов Бауыржан және Маңғыстау облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Сармурзина Жания сыбайлас жемқорлықпен күресудегі жастардың рөлі мен үлесінің маңыздылығына тоқталып, жастарға бағыт бағдар берді.

Шара «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру» жобасы аясында өтті.
Шараға жас мемлекеттік қызметшілер, университет және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысады.