Облысымыздағы пилоттық жоба бірінші нәтежесін көрсетті

Бір жыл бойы Мұнайлы және Түпқараған аудандарының әкімдіктерімен жасалған жұмыс өз нәтижесін берді.

«Ауылды бірлесе дамыту!» жобасы аясында 7 ауылдың инклюзивті даму жоспары жасақталып, аталған жоспарлар 2017 жылғы ауыл әкімдерінің тұрғындардың алдындағы есеп беру кездесуінде халыққа кеңінен таныстырылды.

Кездесулер барысында ауыл тұрғындары көптеген жергілікті өзекті мәселелерді көтеріп, сұрақтарын қойды. Атап айтатын болсақ, ауылішілік жолдарының жоқтығы, ауыз су, дәрігерлердің жетіспеушілігі, газ бағасының қымбаттауы, жер телімінің берілуі, балалар ойнайтын алаңдар жетіспеушілігі, қоқыс полигондарының жетіспеушілігі, көшелерді жарықтандыру мәселесі және тағы басқа да ауыл тұрғындарын толғандыратын сұрақтар көтерілді.

Көтерілген мәселелер ауылдардың даму жоспарларына енгізіліп, алдағы уақытта ауыл әкімдері мен жергілікті қауымдастық мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасау барысында шешімін табатын болады.

2018 жылдың мамыр айында Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы жасақталған даму жоспарларында көрсетілген жергілікті мәселелерді шешу мақсатында ауыл тұрғындарына бизнес ашу үшін қаржылай гранттық қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Гранттық байқауға қатысу ниеттеріңіз болса, Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсының әлеуметтік желілердегі парақшаларына Facebook, Instagram жазылып, жаңалықтарымен танысып отырыңыздар!

SHARE

Оставить комментарий

Введите свой комментарий
Пожалуйста, введите свое имя