Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы 2019 жылдың қараша айынан бастап “Мемлекеттік органдардың есептілігін қазақ тілді журналистер арқылы нығайту” атты жобасын жүзеге асыруын бастайды. Жоба мақсаты жергілікті биліктің ашықтығы мен қоғамдық есептілігін қазақ тілді журналистердің әлеуетін арттыру арқылы нығайту. Ұзақтығы 8 айды құрайтын жоба АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Жоба аясындағы қызметтер:
— Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облысының журналистерін сарапшылық дағдыларға, мемлекеттік сатып алуға, журналисттік тергеу/тексеруге (расследование) әдістеріне фактчекингке оқыту;
—  Журналистерге арналған онлайн ресурс орталығын ашу;
— Тренинг қатысушылары арасында «Ең үздік мақала» байқауын өткізу

Біздің жаңалықтарымызды қарап отырыңыздар!