Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы Мұнайлы ауданына қарасты Маңғышлақ ауылында азаматтардың қоғамдық мониторингкке қатысуын арттыруға бағытталған ақпараттық кездесу өткізді. Кездесуге Мұнайлы ауданының 7 ауылдық округінің жергілікті қауымдастық мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты. Барлығы – 31 адам.
Кездесу барысында қоғамдық мониторинг, қоғамдық экспертиза, қоғамдық тыңдау және тағы басқа қоғамдық кеңес механизмдері жайлы талқыланды.
Қатысушылар, жергілікті қауымдастық мүшелері ауыл аралық жол мәселесіне және ауыл аралық қоғамдық көлік мәселесіне қоғамдық мониторинг өткізу қажеттілігін айтты.
Сонымен қатар, ауыл жастары жалпы сол жердегі қатысушыларға жергілікті ауылды дамыту және көркейту тек жергілікті тұрғындардың өз қолында және сырттан көмек күту дағдысынан айырылу қажет екендігін атап өтті.
Аталған кездесу Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Облыстық ресурс орталығының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында өтті.