Жастардың экономика саласы бойынша сауаттылығын арттыру мақсатында 16 қазанда Бейнеу ауылында “Бюджеттік квест” зияткерлік ойыны викторина түрінде өткізілді. Ойынға Бейнеу политехникалық колледжі, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері және Бейнеу лицейінің оқушылары қатысты.

Ойынның басында қатысушылар бюджет дегеніміз не деген сұраққа: тиімді жұмсауға бағытталған ақша қоры, орталықтандырылған ақша шығыны мен жинақталуын сипаттайтын процесс, кез келген уақытта күтілетін кірістер мен шығыстар жоспары, қаражатты шығыс көздеріне бөлетін мемлекеттің ақша қоры т.б деп жауап берді. Іс-шара барысында әр команда тапсырмаларды белсенді орындады, барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейін және ойынға деген жауапкершілігін көрсетті. Ұпайлардың нәтижесі бойынша Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің командасы 1 орынға ие болды. Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша студенттер осы тақырыпқа қызығушылық танытып, осындай шаралардың жиі өткізілуіне тілек білдірді.