27-28 наурыз күндері Ақтау қаласы және Түпқараған, Мұнайлы аудандарында мемлекеттік қызметкерлер және қоғамдастық мүшелері арасында «Жергілікті бюджетінің ашықтық индексі -2016» тақырыбы бойынша өткізілген зерттеу нәтижелері таныстырылды. Зерттеуді «Бюджеттік анализ және экономикалық мониторинг орталығы» қоғамдық қоры «Сорос Қазақстан» қорының қолдауымен жүргізді, Маңғыстау облысы бойынша Ахметова Жібек жергілікті эксперт ретінде тартылған болатын.
Зерттеуде негізгі басымдық ашық ақпарат көздері – баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті уәкілетті органдардың интернет-сайттарындағы маңызды бюджеттік ақпараттың бар немесе жоқ болуын анықтауға бағытталған болатын. Қазақстанның өңірлері бойынша орташа баға 40 балды құрады. Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі жергілікті өз бюджеті бар облыс, республикалық маңызы бар қалалардағы бюджеттік процесстердің деңгейін өлшеудің мықты құралы болып табылады. Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі мынаны көрсетеді:

  • Жалпыға қолжетімді бюджеттік ақпараттың күнделікті режимде белгілі бір деңгейінің бар болуы.
  • Жұртшылықтың бюджет процесіне қатысу тәжірибесі.

–    Бюджет пен бюджет процесін танымал ету мақсатындағы мемлекеттік органдардың белгілі бір аумақта жүргізетін қызметі.

–  Бюджетті танымал ету жөніндегі БАҚ-ның бастамасы.

      Қазақстан аймақтарының индексі тек республика бойынша бюджеттік процестегі айырмашылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар жергілікті басқару органдарын ақпараттың жариялылығын арттыруға, сондай-ақ бюджет қаржыларын жұмсау тиімділігін арттыруға құлшындыруға мүмкіндік береді. Индекс сонымен қатар қандай өңірлер өз азаматтарына бюджет процесіне қатысуға көбірек мүмкіндік беретінін анықтауға жол ашады.
2016 жылы негізгі нәтижесі Қазақстан Республикасының барлық 16 әкімшілік-аумақтық бірлігінің, атап айтқанда 14 облыс, елордамыз Астана және республикалық маңызы бар Алматы қаласының индексін анықтауға зерттеу жүргізілді. Индекс жергілікті деңгейдегі бюджет процесінің ашықтығы деңгейін бағалау жөніндегі әзірленген арнайы анкетаның сұрақтарына сарапшылардың берген жауаптарына негізделген. Анкета түрлі варианттары бар 60 сұрақтан құралған, соларға сәйкес баллда есептелді. Анкетаның сұрақтары мен жауаптары азаматтардың бюджеттік процеске қолжетімділігі мен жұртшылықтың бюджет процесінің түрлі кезеңінде қатысу мүмкіндігін сипаттайды. Индекс кезеңі – 2016 жылда жүргізілген  бюджеттік қатынастар болды.
Анкета төрт бөлімге бөлінді, олар жергілікті деңгейдегі бюджет процесі кезеңдерінің ашықтығын, атап айтқанда: бюджет жобасын жоспарлау мен әзірлеу; бюджетті қарау мен бекіту; бюджетті орындау мен бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есепті анықтайды.
Зерттеу нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары 100-дің 73 және 62 балл құрады. Бұл 14 облыс, Алматы мен Астана қалалары ішінде ең жоғары көрсеткіш. Маңғыстау облысы – 34 балл иеленді, ал басқа Батыс өңірлерімен салыстыратын болсақ Ақтөбе облысы (35 балл), Атырау облысы (34 балл), Шығыс Қазақстан облысы (34 балл) иеленді.
Маңғыстау облысы келесі параметрлер бойынша бюджет жобасын жоспарлау мен жасақтау процесінің ашықтығы (19 балл), бюджетті талқылау және бекіту процесінің ашықтығы (36 балл), бюджетті игеру процесінің ашықтығы (40 балл) бағаланды.
Бағалау нәтижесі бойынша  Маңғыстау облысында жергілікті органдардың қоғамға бюджет және қаржы қызметі туралы ақпараттың аз көлемде жариялайтыны анықталды. Жергілікті бюджет индексінің ашықтығы жоғары болса тұрғындарда мемлекеттік органдардың бюджетті қалай, қайда жұмсам жатқанын көруге, бюджеттік процеске қатысуға мүмкіндік болар еді.
Шара соңында Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексін арттыру жөніндегі ұсыныстар айтылды.

Әкімшіліктерге:

  • Қоғамды бюджеттік процесстердің барлық деңгейлерінде қатыстыру қажет;
  • Бюджеттің игерілуі туралы өткізілген бақылау мен мониторинг, мониторингтік шаралалар нәтижесі бойынша жасақталған есептерге жұртшылықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет;
  • ҮЕҰ бірлесіп бюджеттік процесстердің ашықтығын іске асыру бойынша жоспар жасақтау қажет;
  • Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде есептің қысқа танымал нұсқасын жасақтау және жария ету;
  • Кез келген сала бойынша бюджеттің жұмсалғаны туралы ақпарат қамтылған әр бір азамат қолдана алатын ахуалдық орталық ашу немесе интерактивті картасын жасақтау қажет.

Маслихаттарға:

  • Бюджет жобасын, сондай-ақ бекітілген бюджетке түзетулерді талқылау кезінде депутаттар енгізген ұсыныстар (ұсынылған және енгізілетін) жайлы толық ақпаратты сонымен қатар бюджеттік процесстер бойынша маслихаттың тұрақты комиссиялар жұмысын жария ету;
  • Маслихаттың сайтында сайлаушылардан түскен проблемалық сұрақтар мен оларды бюджеттік қаражат арқылы шешілген туралы ақпараттарды жария ету;
  • Бюджетті бекіту кезінде жұртшылыққа ақпаратты алдын ала белсенді тарату;
  • Жұртшылықтың пікірін ескеру мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізу;
  • Қоғамдық дискуссиялар мен пікір алмасу процесстерінде жаңа технологияларды пайдалану (әлеуметтік желілер, маслихат депутаттарының блогтарын жүргізу, маслихаттардың сайттары);
  • Бюджеттік саясаттың нәтижесіне жету мақсатында ҮЕҰ монитринг жүргізуге тарту;
  • Жыл сайынғы бюджетті қалыптастыру және өңірді дамыту бағдарламаларында жұртшылықтың пікірін ескеру мақсатында тұрғындардың қажеттілігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу.
    Жалпы ұсыныстар:
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа келесі тақырыптарды қосу:
  1. бюджеттік ашықтық бойынша мониторинг,
  2. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңының жүзеге асырылуына азаматтардың қатысуына ықпал ету
  3. жергілікті қауымдастық мүшелерін жергілікті өңірлердің даму жоспарын жасақтауға қатыстыру
  • БАҚ, ҮЕҰ қаржылық бюджеттік сауаттылық бойынша оқытулар ұйымдастыру
  • Бюджеттік саясат пен бюджеттік басымдылықтар бойынша талқылаулар өткізу
  • Салалық басқармаларға аталған сала бойынша талқылаулар мен бірлескен шешімдерді жасақтауға ҮЕҰ тарут қажет
  • Мемлекеттік органдарга жергілікті жерлерде бюджетті жоспарлау барысында бюджеттік ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету қажет, ол өз кезегінде мемлекеттік органдардың қызметін қоғамның қажеттілігіне қарай негіздеіге мүмкіндік береді.