«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» ЗТБ 2018 жылдың 13 желтоқсан күні мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг тобының мүшелерінің қатысуымен Ақтау қаласының № 6, № 8 орта білім беру мектебі және № 7 Марабаев ат. мектеп – лицейіне мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында мектептердің санитарлық жағдайы, оқушылардың тамақтану жағжайы, қамқоршылық кеңесінің қызметі сонымен қатар,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес мектептердің жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкестігіне мониторинг жүргізілді. Шара барысында мектептердің асханаларында тыйым салынған тағамдар, тәтті сусындар, шоколадтар, шұжық қосылған бәліштер сатылатыны, спорттық жабдықтарының жеткіліксіздігі, дене шынықтыру пәнінде оқушылардың киім ауыстыру бөлмелерінің талапқа сай еместігі, жуыну бөлмелерінің жұмыс жасамайтыны, сонымен қатар физика, химия, биология кабинеттерінің толық жабдықтанбағандығы анықталды. Кейбір мектептерде өрт қауіпсіздігі, бейне бақылау жүйелерінің тиісті деңгейде жұмыс жасамайтыны белгілі болды.
#мониторинг #мектептер #Актау #ГАМО