2020 жылдың 13-18 қаңтар айларында «Мемлекеттік органдардың ашықтығын және есептілігін арттыру: идеяларды іздеу, ақпарат көздерімен жұмыс жасау, фактілерді қайта тексеру және оларды жылжыту» атты қазақ тілді журналистерге арналған тренинг өтті. Аталған тренингке Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан 15 журналист қатысты. Тренингтен кейін 4 ай бойы қатысушылар бюджет ашықтығы тақырыбына журналисттік зерттеу жүргізіп нәтижесінде 13 мақала жазылды.
2020 жылдың 10 шілдесінде іріктеу комиссиясының отырысы өтіп, 13 мақаланың ішінен ең үздік 5 мақала іріктелді.

Іріктеу комиссиясының құрамы:
1. Смақов Думан – тәжірибелі журналист, factcheck.kz сайтының редакторы
2. Жәнібек Нұрыш – Ońtústik Rabat аймақтық газетінің бас редакторы (Шымкент),
“Жаңа репортер” (newreporter.org/kz) сайтының қазақ тіліндегі редакторы
3. Жұлдыз Әбділдә – тәжірибелі журналист, Жас Алаш
4. Есенгүл Кәпқызы – Minber журналистерді қолдау орталығының директоры
5. Назгүл Қожабек – медиатренер, редактор

Іріктеу төмендегі 4 критерий бойынша өтті:
1. Мақала тақырыбының өзектілігі
2. Объективтілік
3. Жазу сауаттылығы
4. Журналистік этика

Жеңімпаздар:

№ п/п Мақала авторы

Мақала тақырыбы

Жалпы балл
1 Рыскул Рамазан 55 млн тұратын PR: Тұрымов Тоқаевты естімеген бе? 4,7
2 Жұлдызай ҚАЛИЕВА Алматы – Жаңаөзен: Оқулықтарды тасымалдауға қанша қаржы кетеді? 4,05
3 Жакупов Кайрат Жолдың жыры бітпей тұр 4
4 Мадина Керимкулова Нұрмахан Нұрбол мырза, Жамбылдың жолын қалай жалғыз «жамайсыз»? 4
5 Самал Жамет «АҚБҰЛАҚҚА» БІР ҚУАНЫП, «ТАЗА СУҒА» БІР МҰҢАЙЫП, УАҚЫТ ӨТТІ-АУ, ЗЫРҒЫП АҒЫП, ЗЫРҒЫП АҒЫП… 3,9

Байқау жеңімпаздарының әр қайсысы 1000$ сыйақы алады
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!