Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы жергілікті жерде шешім қабылдау процессіне және өз ауылын көркейту бойынша ауыл тұрғындарын ынталандыру, сонымен қатар, мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері арасындағы қарым-қатынасты күшейту мақсатында «Ең үздік ауылдық бастама» байқауын өткізеді.
Байқауға Маңғыстау облысының барлық аудандарына қарасты ауылдарын қатыстыру, соның ішінде, әр ауылдың жергілікті қауымдастық мүшелерін, бастамашыл топтарды, үкіметтік емес ұйым және жергілікті билік өкілдерін бірлесе қатыстыру жоспарланып отыр.
Байқаудың жалпы сыйлық қоры – 750 000 теңге.
Өтініштер және байқауға қатысы бар қосымша материалдар хат тақырыбын «Ауылдық бастама» деп атап, gamo_aktau@mail.ru camokz.05@gmail.com электронды поштаға жіберуіңізге болады немесе Ақтау қ., 34 шағын ауданы, «Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимраты 2 қабат, 35 офиске тапсыруға болады.
Байқауға қатысу бойынша толық ақпаратты жүктеу.