2018 ж. 05 қарашасында “ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ БАСТАМА” байқауы бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталды! Аталған байқау Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «Маңғыстау облысының қоғамдастық мүшелерінің, жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттестігін күшейту» жобасы аясында өткізілді.

Жалпы байқауға 31 өтініш келіп түсті, соның ішінде іріктеу комиссиясының шешімі бойынша барлығы 5 өтініш қаржылық қолдауға ие болды:

1. Жыңғылды ауылынан «Ана мен бала денсаулығы болашақтың бастауы» жобасы – Кушбаева Сара;
2. Сарға ауылынан “Жарық көше” жобасы – Жұмашев Хамит;
3. Құрық ауылынан «Дене шынықтыру мен спорт мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірінде» жобасы – Тлеуов Қонысбай;
4. Бейнеу ауыланан «Жайдарлы» балалар ойын алаңы жобасы – Айлашова Набия;
5. Қызылөзен ауылынан “Ауыл орталығындағы саябаққа су жүйесін жүргізу” жобасы – Медеуова Күрең.

Іріктеу комиссиясының құрамы келесідей болды:
1. Облыстық маслихат депутаты – Өрісбаев Аббат;
2. Маңғыстау обл.экономика ж/е бюджеттік жоспарлау басқармасының жергілікті бюджет кірістерін жоспарлау бөлімінің басшысы – Өтебаев Қыдырғали;
3. “Маңғыстау Медиа” ЖШС, журналисті – Қозыбақова Валентина;
4. “Жастар Жетістіктері” ҚҚ директоры – Маханбетова Жақсыгүл;
5. Қоғамдық пікір көшбасшысы – Ешманов Киікбай.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және әлеуметтік жобаларын сәтті жүзеге асыруын тілейміз!