Үйлестіру кеңесі
Координационный совет

Конференциялардың аралығындағы мерзімде Ассоциацияның басшы сайлаушы органы болып, Қауымдастық Үйлестіру Кеңесі болып табылады.
ҚауымдастықтыңКеңесіне өкілдерді мүше ұйымдасрдың алқалы органдары жібереді. Оларды кері шақыру мен алмастыру да осы тәртіппен жүреді.
Қауымдастықтың Үйлестіру Кеңесі Қауымдастықтың Конференциясында мүше ұйымдардың басшыларынан құралады.
Қауымдастықтың Президенті және Ассоциацияның тексеру коммиссиясының төрағасы қызметтерінің өкілетті мерзімі бойынша Үйлестіру кеңесі құрамына кіреді.

Қауымдастықтың үйлестіру Кеңесі:

  • Жарғыда белгіленген мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Қауымдастықтың Конференциясын шақырады;
  • Конференцияның шешімдері мен жарғылық міндеттерін, мүше ұйымдардың еңбек пен әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерінің орындалуы бойынша қызметтің негізгі бағыттарын әзірлейді;
  • Қауымдастықтың міндеттерін шешуде мүше ұйымдардың қызметтерін біріктіреді және үйлестіреді және т.б.;

Қауымдастықтың Үйлестіру Кеңесі жылына екі реттен кем шақырылмайды

«МОАА» ЗТБ Үйлестіру Кеңесі

  1. Ахметова Ж.А. — «МОАА» ЗТБ Президенті;
  2. Рафикова Н.М. — ОО «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымы» ҚБ;
  3. Кемаладинұлы Е. — «Туған Ел» ҚБ
  4. Медеуова К.С. — «Хазірет» ЖҚБ;
  5. Гайбатов Р. — «Тәуелсіз Өмір» ҚБ
  6. Карабалина Г.А. — «Өркениетті келешек» ҚҚ
  7. Әнес С. — «Маңғыстау аудандық азаматтық бастама» ҚБ

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»:

«Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігінің (одан əрі «МОАА» ЗТБ) əрбір қызметкері, өздерінің жеке жəне командалық жұмысында да төменде көрсетілген ортақ құндылықтарды ұстанады.

БІЛІКТІЛІК ЖƏНЕ КƏСІПҚОЙЛЫҚ

Біз тиімді халықаралық тəжірибелерді пайдалана отырып, кəсіби жəне сапалы қызмет атқаруға ұмтыламыз. Біз үнемі қызметкерлердің кəсібилігін дамытуына, білім алуына жəне біліктілігін арттыруға аса назар аударамыз.

 

ҚҰРМЕТ Біздің қоғамға, серіктестіктерге деген құрметіміз бен ашықтығымыз, олармен сенімді қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді. Ұжымдағы жеке тұлғаға деген құрмет, қызметімізге кəсіби жəне адал қызметкерлерді тартуға жəне оларды ұстап қалуға мүмкіндік береді. Ұжымның əрбір мүшесі ұйымның беделі мен абыройын қорғайды, өздерінің іс-əрекетімен қоғамда оң пікір қалыптастырады.

 

АДАЛДЫҚ Біз заңның талаптарын толық сақтаймыз, ұйым процедураларын бұлжытпай орындаймыз. Ұйымның қызметкерлері өз – өздерімен, бір-бірімен жəне айналасындағы адамдармен адал қарым- қатынасты ұстанады.

 

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ДАМУҒА БАҒЫТТЫЛҒАН

Біз аймақта тек қана үкіметтік емес ұйымдарын дамытумен айналыспаймыз, сонымен қатар, оларды қоғамдағы əлеуметтік мəселелерді шешуге қатыстыруға, азаматтық бастамаларын жүзеге асыруға жағдай жасаймыз.

 

БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРДА КЕМЕЛДІЛІККЕ ҰМТЫЛУ

Біз өзіміздің ортақ ісімізге шынайы берілген пікірлестер ұжымымыз. Біздің қызметімізде мақсаттарды бағындыруға жəне миссиямызды орындауға бағытталған жалпы командалық рух бар .

Біздің команда

Ахметова Жибек Аманбаевна

Маңғыстау облыстық азаматтық альянсында Жібек жоба үйлестірушісі ретінде 2010 жылы жұмысын бастап, ұйымның атқарушы директоры ретінде қызметін жалғастырды. 2015 жылы бірлестік мүшелері конференциясының шешімімен «МОАА» ЗТБ Президенті болып сайланды. Мекемені дамыту, менеджмент және жобаларды басқару саласында тәжірибесі мол. Аймақтағы азаматтық қоғам, бизнес, ҮЕҰ және биліктің өзара әркеттестігіне үлес қосуда.

Президент

Маханбетова Жаксыгуль Шахзадаевна

Еңбек жолын оқытушы ретінде бастады. Үкіметтік емес салада 2000 жылдан бері яғни, 18 жылдан астам еңбек етеді. 2005-2015 жж.  Маңғыстау облыстық азаматтық альянсын басқарды. Қазіргі таңда, «Жастар жетістіктері» ҚҚ директоры және «МОАА» ЗТБ Президентінің кеңесшісі. Жақсыгүл аймақтағы үкіметтік емес ұйым секторының қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі мол және қазіргі таңда, үкіметтік емес ұйым секторының даму сұрақтары және қоғамдық сұхбаттастықтың дамуы бойынша сарапшысы.

Кеңесші

Аубакирова Гулден Сандибековна

Гүлден ғылыми-зерттеу жұмысы саласындағы қызметін 2008 жылы бастады. Маңғыстау облыстық азаматтық альянсында 2014 жылдан бері жоба менеджері ретінде еңбек етеді. Қазіргі таңда, халықаралық деңгейдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады және ұйымның PR қызметін жүргізеді.
Бизнесті басқару саласында МВА академиялық дәрежесіне ие (Индия, Османия университеті).

Жоба менеджері

Амангелдиева Мөлдір Алмасовна

Маңғыстау облыстық азаматтық альянсында өз қызметін 2014 жылы жоба үйлестірушісі ретінде бастады. 4 жыл жұмыс жасау барысында 10-нан астам аймақтағы түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына қатысты. Қазіргі таңда, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған халықаралық жобаның үйлестірушісі. Жалпы менеджмент бойынша және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша дағдыларға ие.

Жоба менеджері

Карабалаева Ляззат Танатаровна

Ляззат қоғамдық қызметін 2014 жылы «Қолдау Қазақстан» қоғамдық ұйымында бастады. Маңғыстау облыстық азаматтық альянсында 2016 жылдан бері жоба үйлестірушісі ретінде еңбек етеді. 2017 жылы Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың және арнайы мониторингтік топтың мүшесі болып табылады. Қазіргі таңда, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сезімін қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырады.

Жоба үйлестірушісі

Кошжанова Акмарал Абишевна

Ақмарал, Маңғыстау облыстық азаматтық альянсының есепшісі ретінде ұйымның құрылу уақытынан бері жұмыс жасайды. Қаржы және экономика мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Бухгалтерлік есеп аясындағы негізгі білімінен басқа, халықаралық стандарттар бойынша басқару есебінің дағдыларына ие.
Ұлттық бизнес рейтинг бағалауымен 2014 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» номинациясы бойынша ең үздік маман ретінде танылды.

Есепші

Елдесбаева Жумайхан Бердихожакызы

2003 жылы Жұмайхан «Қаржы және несие» мамандығы бойынша жоғары білім алып, жұмыс жолын банктік салада операциялық сектордың басшысы ретінде бастады. Маңғыстау облыстық азаматтық альянсында өз қызметін 2012 жылы әкімшілік сұрақтар бойынша маманы ретінде бастады.

Әкімшілік ассистент

Оразмаганбетова Асыл Жанабаевна

Асыл, 2017 жылы жоғары білім алып, өзінің еңбек жолын Маңғыстау облыстық азаматтық альянсында бастады. Қазіргі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және халықаралық жобалардың бағдарлама ассистенті ретінде жұмыс жасайды.

Жоба ассистенті

Тахиталиева Айгүл Кайратовна

Қоғамдық қызмет  жолын Айгүл  2004 жылы Атырау облысында азаматтық қоғамды дамытуға  арналған грант бағдарламасының үйлестіруші болып бастады. 2014 жылға дейін ҮЕҰ дамуына арналған әлеуметтік жобалардың  үйлестірушісі ретінде міндетін атқарды. 2014-2017 жылы БҰҰ ұйымының Бірлескен бағдарламасын жоба менеджері ретінде Маңғыстау облысында жүзеге асырды. Маңғыстау облыстық азаматтық альянсына 2018 жылы өңірдегі азаматтық қоғамның дамуына арналған Ресурс орталығының жұмысын ұйымдастыру бойынша жоба үйлестірушісі ретінде жұмыс жасайды.

Жоба менеджері