16 маусым айының 2021 жылы Ақтау қаласында «Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» жобасы аясында алғашқы онлайн-брифинг өткен болатын.

Іс-шара барысында жоба директоры Ж.Ахметова брифингке қатысушыларды таныстыру мақсатында жобаны, жоспарланған іс-шараларды, жобаның соңында қол жеткізуге күтілетін нәтижелермен таныстырды.

Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету және жергілікті қажеттіліктерге жауап беретін мемлекеттік ресурстарды бөлу арқылы Батыс Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі өмір сүру сапасын жақсарту. 24 айға созылатын жоба Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен және «Мейірім» қоғамдық бірлестігімен  жүзеге асырылады. Жоба Батыс Қазақстанда: Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында жүзеге асырылады.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қалмұратова Г.М., Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Мадсен, «Мейірім» қоғамдық қорының жоба бойынша серіктесі А.В.Муха, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қ.Б. Мырзағали, ІСБ өкілі О.Т.Алтынғалиев, сондай-ақ журналистер, үш облыстардың ІСБ басшылары, үш облыстың қалалары мен аудандарының әкімшік өкілдері, қоғамдық кеңестің мүшелері, АМТ мүшелері, «Адалдық алаңы», үш облыстың университеттері қатысты.

Іс-шара онлайн-форматта өтті, оған 100-ден астам адам қатысты.

Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға, өз ұсыныстары мен тілектерін айтуға мүмкіндік алды.

Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады және ЗТБ Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы жүзеге асырады.Бұл құжаттың мазмұны тек ЗТБ Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсының жауапкершілігіне жүктеледі және міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.