Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын “Ауылды бірлесе дамыту!” жобасы аясында азаматтық бастамаларды қолдауға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына бағытталған бизнес идеялар байқауын өткізеді.

Байқауға тек, Мұнайлы ауданына қарасты Батыр және Баянды ауылдарының кәсіпкерлері қатыса алады.

Өтініштер ауыл шаруашылығы, сервистік қызмет көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлік және қоршаған ортаны қорғау және аумақты жақсарту бағыттары бойынша қабылданады.

Өтініш беру тәртібі:
Өтініш қағаз немесе электронды түрде ұсынылады. 1). Өтініш gamo_aktau@mail.ru электронды поштасына немесе қолмен келесі мекен-жайға жіберіледі Ақтау қ., 14 шағын аудан, «Достық үйі» ғимараты, 12-кабинет.

Өтініштер 2018 жылдың 31 тамызы сағат 18.00 дейін қабылданады.
Қатысушылар бір ғана өтініш беруге құқылы. Өтініштер орыс және қазақ тілдерінде қабылданады.

Байқау бойынша қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы қарауға болады Бизнес идеялар байқауының ережесі

Қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының өкілдері Мөлдір Амангелдиеваға (8 702 981 56 51) немесе Сара Тоқсанбаеваға (8 775 105 82 95), тел. +7 (7292) 31 00 68, 31 00 35, gamo_aktau@mail.ru хабарласуыңызды өтінеміз.