Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «Ауылды бірлесе дамыту!» жобасы аясында аймақтық аралық конференциясын өткізді. Конференцияға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еуропалық Одақ өкілдігінің делегациясы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту басқармасының басшысы, Түпқараған және Мұнайлы аудандарының ауыл әкімдері, ҮЕҰ өкілдері, облыстық басқарма басшылары, облыс маслихатының депутаттары және журналистер қатысты.
Сонымен қатар, осы конференция аясында аталған жоба бойынша құрылған облыстық жұмыс тобының екінші отырысы болып өтті.
Конференция барысында қатысушылар жобаның бір жылдық нәтижесімен, ауылдардың инклюзивті даму жоспарларымен, ағымдағы жылдың жұмыс жоспары және облысымыздағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша сұрақтары талқыланды.