«Облыстық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес секторды дамыту»

Ауылдық ҮЕҰ арналған әлеуметтік жобалар
БАЙҚАУЫНЫҢ  ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер
Байқау Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілуде және «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігімен жүзеге асырылуда.

2. Байқау мақсаты мен міндеттері
Байқау мақсаты: Ауылдық ҮЕҰ-ға шағын гранттар беру арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге ынталандыру.
Байқау міндеті: Жергілікті маңызды мәселелерді шешу бойынша үздік әлеуметтік жобалар анықтау және оларды жүзеге асыруға қолдау көрсету.

3. Байқауды өткізу тәртібі
Байқауға Маңғыстау облысының ауылдық үкіметтік емес ұйымдары (Ақтау мен Жаңаөзен қалаларынан басқа) қатыса алады. Байқауға қатысу ӨТІНІМІ осы ережеге тіркелген үлгі негізінде жасақталуы қажет.
Байқау аясында үздік жоба ретінде ауылдық ҮЕҰ-мен жүзеге асырылатын, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартатын  шаралар, механизмдер, әдістер саналатын болады.  Басымдылық бір реттік шараларға емес, сол ауылды дамытуға бағыталған ұзақ мерзімді нәтиже беретін жобаларға беріледі.   

Байқау аясында келесі бағыттағы жобаларды қарастырады:

  • Ауыл тұрғындарының мәдени дамуына жағдай жасау (мысалы: кітапхана, ақпараттық орталық, үйірмелер, мәдениет үйі жанындағы секциялар жұмысын үйлестіру және жандандыру т.б.);
  • Жастар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған шаралар ұйымдастыру;
  • Сапалы қызмет көрсету үшін жағдай жасау (ауыз су, қоқыс, суару су мәселесі және т.б.);
  • Саламатты өмір салтын дамыту, дене шынықтыру және спорттық шаралар өткізу;
  • Еріктілер қозғалысын дамыту;
  • Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
  • Экология бағытында тұрғындардың сауатын арттыру, аулаларды аббаттандыру, көгалдандыру, туризмді дамыту бағытында шаралар ұйымдастыру.Байқау кезеңдері:
    I кезең 2020ж. 25 сәуір – 15 мамыр аралығы –өтінімдерді тіркеу (қабылдау) және өңдеу, өтінімдер саны шектелмеген;
    II кезең 2020ж. 16-20 мамыр аралығы – байқау комиссиясымен ең үздік жобаларды іріктеу кезеңі;
    III кезең 2020 ж. 21 мамыр – 31 қазан аралығы – жобаларды жүзеге асыру;
    Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлық [1] табыс етіледі (жобаларын жүзеге асыру үшін);
    Байқау жеңімпаздары жоба нәтижесі бойынша қаржылық және шығармашылық есеп беруге міндеттеледі.Байқаудың жалпы сыйлық қоры – 2 500 000 теңге
    Қаржыландыратын жобалар саны – 5 жоба , 500 000 теңгеден

    4. Жобаларды бағалау критерийлері
    Өтінімдердің көлемі 4-5 беттен аспауы тиіс.
    Барлық өтінімдер сауатты толтырылуына және мазмұнына қарай келесідей критерийлер бойынша бағаланады:

  • жұмыс нәтижесі аймақ немесе жалпы облыс деңгейіндегі мақсатты топтардың өміріне әлеуметтік әсері;
  • жобаның тұрақтылығы;
  • проблемалардың өзектілігі;
  • күтілетін нәтижелер;
  • грант қаражатына сатып алтынатын құрал-cайманның жоба (жолдап отырған) сапасын арттыруға ықпал етуі;
  • егжей-тегжейлі жазылған жобаның іс-шаралар жоспары және ширатылылған шығындар есебі (жоба бюджеті)Әрбір жоба критерийі 5 балдық шкала бойынша бағаланады. Жоғары бал жинаған жоба жеңімпаз болып саналады.5. Байқау комиссиясы
    Өтінімдерді бағалау жұмысын азаматтық қоғам институттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ және бизнес өкілдерінен тұратын байқау комиссиясы жүзеге асырады.
    Байқау комиссиясының  шешімі бойынша хаттама толтырылады.

    Байқау өтінімдерін қосымшада берілген үлгіге сәйкес рәсімдеп «Әлеуметтік жобалар байқауы» деп белсігілеп gamo_aktau@mail.ru электронды поштаға жіберуіңізге болады.
    Қосымша ақпарат алу үшін 8 (702) 694 23 30 телефоны арқылы Амангелдиева Мөлдірге хабарласа аласыздар.

[1] Байқау жеңімпаздарына сыйлық ақшалай түрде немесе қажетті жабдықты ұйымдастырушылар алып береді, сыйлықты беру формасы әр жеңімпаздың жүзеге асыру жобасына байланысты жеке қаралады

Өтінім формасы